Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ақмола облысы
Хабарландырулар
15.05.2024

Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.

Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттерге айыппұл салынады.

Бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған кезде респонденттерге бір жұмыс күні ішінде статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Орындалмаған кезде әкімшілікі іс жүргізу басталады.

Біз барлық респонденттерді статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.

Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді (БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң) ескертеміз.

Техникалық қолдау бойынша немесе статистикалық есептілік күнтізбесін қарау, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Бюроның Бірыңғай байланыс орталығына 1446 нөмірі бойынша, сондай-ақ, @statgovkz_bot Telegram-Bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

25.04.2024

2024 жылғы сәуірдегі 2-Т (еңбекақы) "Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп" (жылына бір рет) нысаны бойынша іріктеме зерттеулерге енгізілген респонденттер тізімі осы парақтың төменгі жағында «Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» қосымша бетте орналастырылған. Ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 31 мамырға (қоса алғанда) дейін.

18.04.2024

2024 жылғы I тоқсандағы 2-МП, 2-қызмет көрсету, КО-6, сонымен қатар 2-сауда (айлық) статистикалық нысандар бойынша іріктеме зерттеулерге енгізілген респонденттер тізімі осы парақтың төменгі жағында «Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» қосымша бетте орналастырылған. 

16.04.2024

Ақмола облысының статистика департаменті 1-инвест «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» статистикалық нысанын толтыру бойынша 2024 жылғы 17 сәуірде сағ.11:00-де онлайн семинар өткізеді.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері, сонымен қатар шаруа және фермерлік қожалықтары, жеке кәсіпкерлер шақырылады.

ZOOM мобильдік қосымшасында тіркелу үшін 87711886200 телефон нөміріне жүгіну қажет.

03.01.2024

2024 жылғы қаңтар айында Н-020, Н-050 және Н-060 статистикалық іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады. Қызмет көрсету мерзімі 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап 30 қаңтарға дейін.

Үміткер қоса берілген нысанға сәйкес толтырылған өтінімді, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ауданның (қаланың) статистика басқармасына ұсынуы немесе электрондық поштаға statakm@aspire.gov.kz жіберуі қажет. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ (Ақмола облысы Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73 үй).

 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы «11» қаңтар

Байланыс телефоны: 8 (7162) 40-14-53

 

27.12.2023

Статистикалық бақылаулар бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын және тұрмыс деңгейін іріктемелі зерттеу жөнінде ақылы қызметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдаймыз:

 Т-001, Д-001, Д-002, Д-003, Д-004, Д-006, Д-007, Д-008

Өткізу орны: Көкшетау қ.ә.– 4

Степногорск қ.ә. - 2

Ақкөл ауданы – 2

Аршалы ауданы – 1

Астрахан ауданы – 1

Атбасар ауданы – 1

Бурабай ауданы – 3

Бұланды ауданы – 1

Біржан сал ауданы – 2

Егіндікөл ауданы – 1

Ерейментау ауданы – 2

Есіл ауданы – 2

Жақсы ауданы – 2

Жарқайың ауданы – 2

Зеренді ауданы – 1

Қорғалжын ауданы – 1

Сандықтау ауданы – 2

Целиноград ауданы -2

Қосшы қ.ә. – 2

Шортанды ауданы – 2

 

Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жылдың 3 қаңтарынан

бастап 31 желтоқсанға дейін

Білім деңгейі бойынша талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби немесе еңбек өтілі бойынша талаптар қоймай, жалпы орта білім.

Функционалдық міндеттері:

Респонденттерден жеке сұхбат алу арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73, 303-кабинет.

Анықтама үшін телефон: 8 (7162) 40-14-51

Өтініштер мен түйіндемелер statakm@aspire.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылғы 3 қаңтарына дейін.


Онлайн кеңесші