Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 14,5 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылдың 1 мамырында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 11,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,5% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 322830 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 114,2% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 104,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 168246 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 14% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 103,9%

Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 606,5 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 372,6 мың адам (61,4%), ауыл тұрғындары – 233,9 мың адам (38,6%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 972 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1014 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 2320 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,2% азайды), қайтыс болғандар саны 1348 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 0,8% азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -2034 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда - -1071 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -202 адам теріс көші-қон айырмасы (-15), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -1832 (-1056 адам).

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 573712,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,3% төмендеуі байқалды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өндіріс көлемі 8,1%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 10,6% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 82251,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 4504,3 млн.ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 89,4% құрады.

Жолаушы айналымы 323,3 млн.жкм. құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 84,5% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 28186,2 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар- сәуірінде салыстырғанда 103,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 8,2% өсіп, 65,1 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 193,8% (46,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 35,7% (18,6 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 74008,7 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 80,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 8337 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8061 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6744 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6468 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6249 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3 034 101,7 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,8% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50%, қызметтер көрсету – 43% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы–2,8%, азық-түлік емес тауарлардың–1,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы–4,8% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың cәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары–4,4% қымбаттады .

2024 жылғы қаңтар-сәуір бөлшек сауда көлемі 147225,6 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуір көтерме сауда көлемі 76855,0 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 116334,1 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызымен салыстырғанда 44,9% азайды, оның ішінде экспорт – 42170,4 мың АҚШ долларын (30,7% азайды), импорт – 74163,7 мың АҚШ долларын құрады (61% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті пайдаланушылар!
    24.04.2024

    Cіздерді Абай облысын көрсете отырып шағын сауалнама толтыру арқылы біздің қызмет көрсету және статистикалық өнім сапаларын арттыру мақсатында келесі сілтеме арқылы https://stat.gov.kz/quiz/15128/ (Басты...

  • Құрметті респонденттер!
    23.04.2024

    Абай облысы бойынша 2024 жылғы сәуірдегі 2-сауда айлық "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" статистикалық нысанды тапсыратын респондеттерге (заңды тұлғалар) іріктемелі статистикалық...

Онлайн кеңесші