Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 1134,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 926,8 мың адам (81,7%), ауылдықтар – 208,1 мың адам (18,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 1063 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1167 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 3759 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда сәйкес 5% азайды), қайтыс болғандар саны 2696 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда сәйкес 3,4% артты).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және – 1482 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда – -514 адам), оның ішінде ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -1491 адам (-634), сыртқы көші-қонда оң сальдосы– 9 адам (120).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 23,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,2% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 9646 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,8% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 360623 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 14,6% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 103,1 болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 213251 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 11,9%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 0,4%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1149791,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда –12,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 11,6 % өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 63404,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 99,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 12326,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемі есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 91,7% құрады. 

Жолаушы айналымы 856,3 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 89,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 86758,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 149,1% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 5,2% өсті, 186,9 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 18,4% (165,9 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 33,7% (19,4 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 207022 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 113,6% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 28808 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,3% ұлғайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 28278 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22699 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22183 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 24939 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2%.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 8449346,4 млн. теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 0,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50,5%, қызметтер көрсету – 42,5% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,2% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,3% көтерілді.

2024 жылғы қаңтар-сәуір бөлшек сауда көлемі 427601,6 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуір көтерме сауда көлемі 672864,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 608,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 15,9% азайды, оның ішінде экспорт – 345 млн. АҚШ долларын (21,5% азайды), импорт – 263,2 млн. АҚШ долларын құрады (7,3% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    04.05.2024

    2024 жылғы «17» мамырда Facebook әлеуметтік желісінің «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша ...

  • Құрметті респонденттер!
    30.04.2024

    https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы / Қарағанды облысы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде 2024 жылғы сәуірдегі 2-Т...

Онлайн кеңесші