Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 1537,9 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 248,2 мың адам (16,1%), ауылдықтар – 1289,7мың адам (83,9%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 5811 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5 637 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,0% өсті, шетінегендер 0,5% тіркелімі азайді.

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 896 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда - 942 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 728 адам оң көші-қон айырмасы (719), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – -168 (223 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 34,8 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 24331 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 319473 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 17,7% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 108,4% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 136 253 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 14,4%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 5,3%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 573623,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,1% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 42,8%, өңдеу өнеркәсібінде 1,2%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 38,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 19,4% өсуі белгіленді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 150412,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 105,9 % құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің жүк айналымы 6998,3 млн. ткм. (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 96,3% құрады.

Жолаушы айналымы 352,7 млн. жкм. құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 130% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 48800,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 35,0% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1,7% өсіп, 321,5 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 16,6% (110, 2мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 4,8% (211, 1 мың шаршы метр) азайды.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 160216,4 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 7,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 20190 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 106,1% көбейді, оның ішінде 160 адамнан кем қызметкерлері барлар 19707 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 17245 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16763 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 17 080бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 106,8% көбейді.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуір 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4974850,1млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,4% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 42,7%, қызметтер көрсету – 57,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қаңтар – сәуірде 2023 жылғы қаңтар – сәуірмен салыстырғанда 107,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,8%, азық – түлік емес тауарлардың – 7,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 9,7% өсті.

2023 жылдың қаңтар–сәуірмен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтар–сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәүір бөлшек сауда көлемі 180317,7 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар- сәүір көтерме сауда көлемі 254488,2 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 203,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 14,9% азайды, оның ішінде экспорт – 72,6 млн. АҚШ долларын (0,4% азайды і), импорт – 130,8 млн. АҚШ долларын құрады (21,2% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
Онлайн кеңесші