Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге қала халқының саны 1231,8 мың адамды құрады.

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 6071 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 6009 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 7277 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 0,5% көбейді), қайтыс болғандар саны 1206 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 2,1% кеміді).

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 3659 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда 362 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда оң көші-қон айырмасы – 123 адам (121), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – 3536 адам (241).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 22,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2024 жылғы 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 12975 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,9% болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 290848 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 14,4% құрады.

2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 105% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қала халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 112248 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 15,8% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 5,8%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 331067,5 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,3% кеміді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 55,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 11,8%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 3,5% өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 5,8% азайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 13788,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 101,1% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3947,8 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 111,1% құрады.

Жолаушылар айналымының көлемі 1654,2 млн. жолаушы-шақырымды немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 108,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 39783,4  млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 138,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,7% өсіп, 243,8 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 86,5% артты (149,2 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 75,3% (94,6 мың шаршы метр) құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 145771,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 103,5% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша 28581 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 3,8% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 28142 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 23124 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22692 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 26261 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-cәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 3699654,5 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 27,7%, қызметтер көрсету – 65,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 3,2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 3,1% өсті.

2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,8% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 255275,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,9% көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 350869 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 114,2% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 142,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,6% азайды, оның ішінде экспорт – 24,6 млн. АҚШ долларын (13,3% азайды), импорт – 117,9 млн. АҚШ долларын құрады (2,5% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру!
    14.05.2024

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 17 мамыр күні сағат 11:00-де  Департаменттің мәжіліс...

  • Хабарландыру!
    25.04.2024

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті Zoom бейнеконференциясы арқылы 30.04.2024ж. сағат 15:00-де «1-қызмет...

Онлайн кеңесші