Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 706,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 390,3 мың адам (55,2%), ауылдықтар – 316,4 мың адам (44,8%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 3063 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3252 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 3942 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 4,2% азайды), қайтыс болғандар саны 879 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 1,7% көбейді).

Көші-қон айырмасы - 426 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -46 адам) оның ішінде сыртқы көші-қонда – 134 адам (174), ішкі көші қонда– -560 (-220 адам).

Еңбек және табыс

2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 17692 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9 % құрады. 2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 20427 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына5,8 % болып қалыптасты.

2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 604052 теңгені құрады, 2023 жылғы I тоқсанға 2,3 % азайды. 2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 89,1% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 353132 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 6 %-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыс 3,6%-ға азайды.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 3543005 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 0,6% аз.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,9%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 5,2% азайды, өңдеу өнеркәсібінде – 1,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 16,9% көбейді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 28165,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 15210,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 100,8% құрады.

Жолаушы айналымы 1504,1 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 106,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 268004 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 93,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 14,6% азайып, 143,2 мың шаршы метрді құрады. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 3,1% (141,3 мың шаршы метр) көбейді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 620210 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 65,5% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырға 14523 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 98,9% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлер барлары 14130 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11180 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 10787 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12489 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 98,7% артты.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-сәуір 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 96,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен (жедел деректер бойынша) 14950418,3 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 109,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 56,3%, қызметтер көрсету – 35,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103% құрады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 3,8%, азық-түлік емес тауарларының - 2,8%, азық-түлік тауарлардың - 2,7% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,1% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар-сәуір бөлшек сауда көлемі 153072,1 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар-сәуір көтерме сауда көлемі 1987085,7 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,7% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 74,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 24,5% азайды, оның ішінде экспорт – 15,1 млн. АҚШ долларын (42,4% азайды), импорт – 59,8 млн. АҚШ долларын құрады (18,1% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • 2024 жылғы сәуір айына «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» бойынша
    30.04.2024

    2024 жылғы сәуір айына «Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп» (жылына бір рет) статистикалық нысаны бойынша  зерттеуге енгізілген заңды тұлғалардың тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/...

  • Интервьюерлер
    17.04.2024

    Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу бойынша интервьюерлердің тізімі

Онлайн кеңесші