Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 221,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 175,4 мың адам (79,2%), ауылдықтар –46,1 мың адам (20,8%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 573 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 631 адам).

2024 жылғы қаңтар-наурызда  туылғандар саны 1036 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 0,9 % азайды), қайтыс болғандар саны 463 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызға сәйкес 1,9 % көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -624адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-наурызда -282адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 4 адам оң көші-қон айырмасы (0), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -628 (-282 адам).

Еңбек және табыс

2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 4519 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,2% құрады.

2024 жылдың 1 сәуірде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2452 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 554 275 теңгені құрады, өсім 2022 жылғы IV тоқсанға 23,5% құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 111,3% болып қалыптасты.

2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 291 600 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 23,2%-ға жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 11%.

Салалық статистика

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 369 574,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 1,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 7,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 31,4% өсті.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 17 657,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 99,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 4 673,9 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 89,5% құрады.

Жолаушы айналымы 334,5 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 122,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 22 031,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 103,5% құрады.  

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 32,2% азайып, 14,5 мың шаршы метрді құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 47 509,3 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 113,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырындағы жағдай бойынша  2963 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 100% құрады, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 2869 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 2678 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 2585 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 1997 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8% азайды.

Экономика

2024 жылғы қаңтар-ақпанда 2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1 949 728,3 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 21,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 60,0%, қызметтер көрсету – 23,7% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 1,7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 2,8% өсті.

2023 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,6% арзандады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 31 246,4 млн.теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде көтерме сауда көлемі 30 300,2 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,2% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 18,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 78,4% құрады, оның ішінде экспорт – 4,8 млн. АҚШ долларын (40,9%), импорт – 13,6 млн. АҚШ долларын құрады (115,8%).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Статистикалық байқау өткізу үшін интервьюерлерді қабылдау жарияланады

     «Халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі» статистикалық байқауын өткізу үшін өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің қабылдау жарияланады.

    Өткізу орны: Жезқазған қ.,...

Онлайн кеңесші